Ресейлік пропагандист Маргарита Симонянның басына қара бұл үйірілді

Ресейлік пропагандист Маргарита Симонянның басына қара бұл үйірілді

Ресейлік пропагандист, кезінде "ресейлік әскерді Қазақстанға жіберсе, бақытты болар едім" деп атойлаған Маргарита Симонянның басы қайғыдан арылмай қойды деп жазады Democrat.kz. 

Маргарита Симоньян Борис Корчевниковтың эфирінде күйеуі Тигран Кеосаян комаға түскеннен кейін көп ұзамай олардың балаларының бірінің "өте ауыр" айықпас ауруға шалдыққаны туралы білгенін айтты.

Оның айтуынша, ол баланың диагнозы туралы жұбайы ауруханаға түскеннен кейін 40 күн өткен соң білген.

"Мен жұмыс арасында, ауруханада комада жатқан күйеуімнің арасында шапқылап жүрдім. Барлық ақыл-ой күшімді қажет ететін балаға қарауға мүмкіндігім болмады. 1 қыркүйекте менде қатерлі ісік бары анықталды. Ал көп ұзамай, баламызда да ауыр дерт барын білдім. Бұған менің қандай реакция бергенімді білесің бе? Ызадан жарылардай болып күлдім", - дейді Маргарита Симонян. 

Барлық жаңалықтар