ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында ресейлік қазақ қызы Lemur Қазақстанда үш ай тұрып, қандай жағдайға таңғалғанын айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Қазақстанның Алматы қаласында үш ай тұрып бірнеше жағдайға әрі таңғалдым, әрі қатты ренжідім. Алматыда кафе-ресторандарға, көңіл көтеретін жерлерге бала-шағасымен баратындарды көп көрдім. Үлкендердің арасында балаларын ертіп жүру...түсінбедім.
Жол жүру ережелері таңғалдырды. Жүргізушілерде еш тәртіп жоқ, дөрекі.
Ең ұнамағаны, ашуымды келтіргені - отбасылы еркектері қыз көрсе, қылмыңдап, қырындай береді. Ұялмай бойдақ қыздармен таныса беретін еркектерді көрдім.
Бәлкім, тоқал іздеп жүрген болар. Бірақ әрекеттері өте ұят, арсыздық дер едім. Ресейде отбасылы еркектердің бойдақ қыздарға асылу өте сирек құбылыс" деген тиктокер қатты ашуланғанын айтады.
Өкінішке қарай, тиктокердің бұл видеосына қатысты ешбір қазақстандық "отбасылы еркектеріміз ұяттан аттап, қыздарға өздері асылып, көнбесе, зорлап төсекке жатқызады, жүкті бола қалса, қарасын батырады, сол қыз бала тапса, "менікі емес" деп айуани тірлікке барады, ал егер айыбы ашыла қалса, қыздың өзін кінәлап сумаңдап келесі қызға қырындауға кете барады" деп жазбады.