Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі республикалық орфандық орталықтың орналасуын өзгерту бойынша жан-жақты және кезең-кезеңмен дайындық жұмыстарын жүргізді деп жазады Democrat.kz.
Барлық шешімдер медициналық, ұйымдастырушылық және логистикалық аспектілерді ескере отырып, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің қатысуымен ведомствоаралық және үкіметтік деңгейлерде қабылданды.
Бұл ретте орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсету жүйесі толық көлемде сақталады. Пациенттерді үйлестіру, дәрілік терапияны тағайындау, емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігін мониторингілеу, сондай-ақ жергілікті жерлерде медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл штаттық режимде және үзіліссіз жалғасады.
Республикалық орфандық үйлестіру орталығы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында жұмысын жалғастырады, оның орналасуы ғана өзгертіледі, бұл сирек (орфандық) аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына әсер етпейді.
Денсаулық сақтау министрлігі қабылданған шешімдер жүйенің тұрақтылығын одан әрі арттыруға, басқару процестерін оңтайландыруға және бүкіл ел бойынша орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ахуалға мониторинг жүргізуді және қабылданған шешімдерді іске асырудың барлық кезеңдері туралы жұртшылықты хабардар етуді жалғастырады.