"...реті келсе, хайуанмен некеге тұрып" деген діндар Оқу ағарту министрлігіне үндеу жасады

"...реті келсе, хайуанмен некеге тұрып" деген діндар Оқу ағарту министрлігіне үндеу жасады

Діндар Арман Бердалин қоғамдағы мәселеге қатысты жазба жариялап,оқушылардың жүктілігін қыздардың орамал тақпауымен, қысқа киім киюімен байланыстырды деп жазады Democrat.kz.

"Жаңа оқу жылының алдында керемет өзгерістер болып жатыр екен. Оқу-ағарту министрі мектептерде "енді орамал тақтырмаймыз" деп сүйінші сұрап үлгерді. Тамаша!

Себебі, орамал тағып, саны мен кеудесін жылтыратып ашық-шашық киінбейтін қыздардың кесірінен соңғы 5 жылда елімізде кәмелетке толмаған 12 мың ғана қыз бала жүкті болыпты.

Бұл алаңдатарлық деректі ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді деп tauluk.kz сайты жариялапты.

Сұмдық емес пе?!. 20 миллион халық жүріп 20 мыңға да жеткізе алмай жүргеніміз. Соның бәрі күйеуге тимегенше ер адамды жолатпайтын орамал таққан қыздардың кесірінен. Олар болмаса бірталай жетістікке қол жеткізер едік.

Ал енді орамалды шешкізіп, осы жылдан бастап дамыған батыс елдерін қуып жетуге мүмкіндік туып тұр.

Біз адасқан аталарымызға ұқсап арабтардан үлгі алмауымыз керек! Уақыттың ағымымен өзгермей әлі күнге дейін ер адам әйел адамға ғана үйленетін ескілікті ұстанған арабқа ұқсағанша, еркегі еркекке, қатыны қатынға қосылып, реті келсе хайуанмен де некеге тұрып жіберіп, өмірдің бар қызығын көріп дамыған еуропаға ұқсағанымыз тиімді емес пе?!.

"Орамалды тақтырмаймыз" деп дінмен алысқан ұлтшыл бауырларымыз қатты қуанып жатыр. Жүкті болып қалған қыздардың күшімен ұлтымыздың санын көбейтіп алуға жол ашылғанына қуанып жатқан болар.

Осы орайда министрге ұсынысымды жеткізсем. Мектеп формасындағы тізеден жоғары "юбкаларды" тағы төрт елі қысқартсақ, бес жылдық нәтижеге бір жылда жетуге болады.
Айтпақшы, жаңа оқу жылы құтты болсын!" Деп жазды діндар. 

Барлық жаңалықтар