Халық әртісі кежуал стиліне көшті. Әншінің жаңа стилі көрерменнің қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Әрдайым көрермен алдына көйлекпен шығатын өнер иесі енді, заманауи образда өнер көрсетуді жөн көрген сыңайлы.
Мәселен, оның белдемшені шалбармен алмастырғаны көрерменді таң қалдырды. Бірі «ел алдында жасына қарай киінгені дұрыс», «Әдемі көйлектері жарасады», «Қартайғанда шалбармен шыққаны қызық екен, дискотекада жүрген сияқты ғой» десе, енді бір топ «Әже болғанда шалбар киюге болмай ма?», «Жаңа стилі әдемі екен. Осылай жайнап, жадырап жүре беріңіз!» – десті.