Шымкенттік қоғам қайраткері Жарқынбек Сейтінбет қазіргі білім саласындағы сауатсыздық туралы тағы бір жазба жариялап, ренішін білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Қазақстан "Білім" министрлерінің қазақ қоғамына келтірген залалы, адам өлтіріп, қыз зорлағаннан да ауыр, қауіпті. Себебі бар қылмысты көкірегі соқыр, рухани азғын, мәдениетсіз, сауатсыздар жасайды.
Бұл министрлер бәрі топастар ма, әлде әдейі қоғамды азғындату үшін бағдарламалар енгізбей ме? Автомат берсе, бәрін ит атқандай атып тастар едім. Оларға Сократтың " Сөз өтпесе таяқтан пайда жоқ" деген сөзі де өтпейді. Лайықты жазасы тек ату керек.
Мәжілістегі экс "Білім" министрі А. Аймағанбетовке, қазіргі министр Бейсембаевқа да айттым. Ескермейді. Олар ел, ұлт жетістігін емес өз жетістігін ұлт жетістігі санайды. Топастар еш уақытта халыққа ізгі жол іздеп, мемлекетшіл бола алмайды.
Шебер сауатты болса, үйіңді сапалы соғады. Әл-Фараби " Білімді, қайырымды мәдениетті ел басқару халықты бақытқа бастайды" дейді.
Бізде әзір білімді, мәдениетті қайырымды ел басқарушы 30-жылдан асты, әлі жоқ. Қазіргі қоғам азғындығы, топастануы содан. Оқушыны ел басқаруға, жауапкергілікке, адалдыққа қоғам, ұлт мүддесін жоғары қоюға мектептен 100% оқушы біліп шығу керек.
Бәрімізді әзіргі үйіміздің атауы "Демократиялық Қазақстан". Сол демократияның не екенін білмесек қалай "Сапалы, жайлы, таза демократия үйін" соғамыз. Шымкентте 99% мемлекеттік қызметкерлер, демократия үйін тұрғызбақ түгілі " Демократия" сөзін де білмейді. Ұстаздардың өзі 100% білмейді.
Әзіргі 2000 жылдан кейін бітірген мұғалімдер санасы білімі сол 11-сынып деңгейінде қалып кеткен. Ол кімге білім үйретеді? Кім кінәлі?
1000 педагог мамандардан сұрадым. Деңгейі бірдей" деген Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ педагогика мамандығы бойынша оқу бітіргендер "педагогика" сөзінің мағынасын білмейді деп жазады.
Фото көрнекілік үшін интернеттен.