Руслан Желдібай лауазымды қызметке тағайындалды

Руслан Желдібай лауазымды қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Democrat.kz.

— ҚР Президентінің бұрынғы көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Руслан Желдібай Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (2010), Уорик университетінде (Ұлыбритания) білім алған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Бұған дейін ол мемлекет басшысының көмекшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

2026 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің баспасөз хатшысы қызметінен Руслан Желдібайды босатып, оның орнына Айбек Смадияровты тағайындаған еді.

Барлық жаңалықтар