Руслан Өскенәлі 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алған. Сонымен қатар Woodbury University-де MBA бағдарламасын тәмамдаған.
Ол коммерциялық және өндірістік құрылымдарды басқару саласында айтарлықтай тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясында, сондай-ақ Alstom мен General Electric секілді ірі халықаралық және ұлттық компанияларда жетекші қызметтер атқарған.
2024 жылдың наурыз айынан бері Qarmet компаниясында жабдықтау жөніндегі директор лауазымында жұмыс істеп келеді. Бұл қызметте сатып алу жүйесінің стратегиялық дамуына жауап беріп, жабдықтау үдерістерін жетілдірумен айналысты. Сонымен қатар компанияның Басқарма мүшесі ретінде негізгі басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне қатысқан.
Оның кәсіби тәжірибесі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың активтері мен операциялық қызметін басқаруды, сондай-ақ стратегиялық жобаларды жүзеге асыруды қамтиды.
Руслан Өскенәлі тиімділікке бағытталған басқару тәсілімен, корпоративтік мәдениет қағидаттарын құрметтеуімен және компаниядағы кадрлық әлеуетті дамытуға мән беруімен ерекшеленеді.