Рүстем Жүгінісовтің анасы туралы сұмдық шындық мәлім болды

Рүстем Жүгінісовтің анасы туралы сұмдық шындық мәлім болды

Рүстем Жүгінісов деген бұрынғы әнші, қазіргі сақалды бала не айтып кеткен, өзі?! Ақтөбеде мешітте харасментке ұшыраған қызға қатысты “Өздеріңізде де бар, бай іздеп жүрген шығар?!” деп кінәлапты. Біз Ауғанстанда өмір сүреміз бе, әлде зайырлы мемлекетпіз бе?

Сонда кешкі уақытта жұмыспен жүрген қыз-келіншектер “бай іздеп жүре ме екен?”.

Рүстемнің анасы Айнұр Жүгінісова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық ұлттық комиссия мүшесі болған жан. Бұл комиссия өз жұмысында отбасылық және гендерлік тұжырымдамаларды басшылыққа алады емес пе?!

Бұған осы құзырлы орын не дейді?! Айнұр ханым қоғамда өте белсенді әйел.

Отбасы құндылығы, қазақы дәстүр деп бүкіл өңірде “Дәстүрге жол” РҚБ филиалдарын ашып тастаған. Бүкіл республикада әйелдерді жинап кездесулер өткізіп жүр. Үнемі жанына күйеуін не аға-інісін ертіп жүрген жоқ ғой?!

Күнде ұлт құндылығы деп эфирлер өткізеді. Сонда бұл не?! Баласына ана тәрбиесі дарымаған ба?! Әлде басқа астар бар ма?

Еліміздің әр өңірінде филиалын ашып қоғамның мыңдаған әйелін соңынан ертіп жастарға ақыл айтып өнеге боламын деп жүрген адамның өзінен туған баласына ақылы өтпегені ме?!

Дереккөз: Adyrna.kz.

Барлық жаңалықтар