Рүстемнің жалбыр сақалы: Әлеужелі әркімнің онлайн құсатын "урнасына" айналды

Рүстемнің жалбыр сақалы: Әлеужелі әркімнің онлайн құсатын "урнасына" айналды
Танымал журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі хейтерлерге қатысты жазба жариялап, пікір жазу мәдениетін сақтауды сұрады деп жазады Democrat.kz.
 
"Кеше ғана осыны жазып едім. Бүгін жалғастыруға тура келіп тұр.
 
Әлеуметтік желі әркімнің онлайн құсып кететін “урнасына” айналды. Дәл қазір желіде Жүгінісовтер отбасына хейт жүріп жатыр.
 
Өткенде мешітке келген қызға бір түндік неке ұсынған селдір сақалдың қылығы шу болып еді. Жүгінісовтердің үлкені осыған қатысты пікір білдіріп, қыздың мешітке келгенін айыптапты. Содан кейін әлеуметтік желіде Жүгінісовтердің бәріне хейт жауды.
 
Рүстемнің пікірімен көп адам келіспейтіні түсінікті. Оның үстіне видеода Рүстемнің де жалбыр сақалмен отырғаны жұртты жеріндіріп жіберген сияқты. Бірақ соған байланысты бүкіл отбасын айыптаудың реті жоқ. Тіпті, мүлдем дұрыс емес.
 
Рүстем де, Мирас та кәмелеттік жасқа толған, әрқайсысы дербес адам. Әрқайсысының жеке пікірі болатыны да белгілі.
 
Бұл негізі Рүстемнің проблемасы болуға тиіс еді. Артық сөйлеп, Рүстем сынға ұшырады. Расын айту керек, Рүстем кейінірек пікірін дұрыс жеткізе алмағанын айтып, кешірім сұрады. Алайда оның пікіріне бола Мирасты, жалпы Жүгінісовтерді айыптау дұрыс емес.
 
Әлеуметтік желідегі хейттен кейін Мирастың өзі пікір білдіріпті. Өзінің көзқарасы, ұстанымы бар адам екенін айтып, отбасы мүшелерінің пікірімен әрдайым келісе бермейтінін жеткізген.
 
Қыз баласына құрметі ерекше екенін де жасырмаған. Қысқасы, негізсіз хейттің кесірінен өзіне тікелей қатысы жоқ мәселеге қатысты пікір білдіруге тура келіп отыр.
Өкінішке қарай, біздің қоғамда хейт көбейіп кетті.
 
Смартфонның арғы жағында отырып алып, бүкіл нәрсеге негатив жаза береді. Мәселені кішкене түсіну, анық-қанығына көз жеткізу деген жоқ.
 
Былтыр Шерзаттың өлімінен кейін қылмыскерлердің бірімен аттас адамның инстаграмм парақшасына да неше түрлі пікір жазылды. Ана байқұстың ештеңеге қатысы жоқ, өз-өзімен жүрген адам.
 
Сондықтан әлеуметтік желіде пікір білдіргенде де, коммент жазғанда да мұқият болу қажет. Этика деген дүние бар. Осыны ұмытпаңыздаршы" деп жазды журналист. 
Барлық жаңалықтар