Қазақстанда жекеменшік мектептерге қойылатын талап мемлекеттік стандартпен толық теңестіріледі. Енді қойма мен моншадан мектеп ашып, бюджеттен қаржы алып отырған кәсіпкерлер қатаң бақыланатын болады деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Ertenmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Еліміздің Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова осыған орай мәлімдеме жасап, жекеменшік білім саласындағы жаңа талап туралы нақты ұстанымын айтты.
«Министрлік жекеменшік мектептердің жұмысын мемлекеттік мектептегідей қатаң стандартқа келтіруді көздеп отыр. Енді білім беру мекемелерінің жұмысы толық цифрланады. Бұл әр мектептің жұмысы мемлекет үшін ашық әрі заң талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді», – деді министр.
Сондай-ақ, ол жекеменшік мектептерді тексеру барысында анықталған бірқатар өрескел заңбұзушылықтар туралы ашық айтты.
«Кейбір кәсіпкерлер білім ордасын мектепке мүлдем лайық емес жерлерде бұрынғы қоймаларда, моншаларда ашқан! Тіпті кейбірінде балалар қағаз жүзінде тіркелгенімен, сабақ мүлдем өткізілмеген. Оқу бағдарламасы толық сақталмай, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру сияқты міндетті пәндер жүргізілмеген. Мұндай «мектептердің» ғимараты да мақсатқа мүлдем сәйкес келмейді», – деп қадап айтты министр.
Министрлік осы талаптарды бұзған мектептерді мемлекеттік қаржыландырудан шеттетеді. Мемлекеттік қолдау тек толық жабдықталған ғимараты, білікті педагогтары бар және мемлекеттік оқу бағдарламасының барлық талаптарын бұлжытпай орындап отырған мектептерге ғана беріледі.
"Сабақ мүлде өткізілмеген": Оқу ағарту министрі мәлімдеме жасады
Фото интернеттен.
-
"3-7 күнге жетерлік ас-суларыңды дайындаңдар!": Бірнеше елдің халқына шұғыл ескерту жасалды12:00, 31 қазан 2026
37
-
«Біз енді үнсіз қала алмаймыз!»: Бір топ педагог құзырлы органдардан шұғыл тексеріс талап етті11:00, 31 қазан 2026
133
-
«Мұғалімнің мойнына іле салған!»: Белсенді педагог министрге үндеу жасады10:00, 31 қазан 2026
145
-
Түркістан келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады18:16, 30 қазан 2026
92
-
АҚШ Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені өзгертпеді: инфляция әлі де жоғары18:00, 30 қазан 2026
100
-
Біріккен Араб Әмірліктерінде мұнай дағына байланысты Шарджа жағажайлары жабылды17:30, 30 қазан 2026
96
-
Қазақстанның Арал–Каспий автожолы 2028 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін17:00, 30 қазан 2026
95
-
Қазақстанда 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарланып отыр16:30, 30 қазан 2026
103
-
Қазақстан автомойкаларына ауызсуды пайдалануға шектеу енгізуі мүмкін16:00, 30 қазан 2026
106
-
Қазақстанда 188 миллиард теңгелік заңсыз онлайн-казино ісі сотқа жіберілді15:30, 30 қазан 2026
112
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6081
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5918
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4604
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4340
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3929
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3314
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3027
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3001
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2845