"Сахнадан лақтырды": Қайраттың күртешесін алған қыз ағынан жарылды

"Сахнадан лақтырды": Қайраттың күртешесін алған қыз ағынан жарылды

Әнші Қайрат Нұртастың концерті әдеттегідей түрлі шоуларға толы өтті. Алматыда өткен бұл концертке барғандардың кейбірі құр қол қайтпапты деп жазады Democrat.kz.

Әнші Қайрат Нұртастың Алматыда өткен концертінде қызы Алау да сахнаға шығып, әкесімен бірге қосылып ән шырқады. 

Мұнан бөлек, Қайрат әдеттегідей сахнадан киімдерін көрерменге лақтырып, сыйлық жасаған. 

Қайрат Нұртастың күртешесіне қол жеткізген алматылық қыз: "Бала күнімнен Кайрат Нұртас тыңдап өскен қыз едім… Бүгін сол кісінің курткасын киіп тұрғаныма әлі сене алар емеспін. Ойламаған жерден осындай кішкентай бақыт бұйырыпты. Ішімдегі кішкентай мен қазір қатты бақытты…"деп жазды Threads желісінде. 

Барлық жаңалықтар