Алмат Ғалиұлы атты желі қолданушысы ән айтуды қайта қолға алған әншінің әкімшісіне шығып көрді, деп жазады Democrat.kz.
Тұтқаны көтерген әншінің өкілі Жаңа жыл алдындағы шақыртуға бір миллион теңге ақы сұрады. Желі қолданушылар арасында Сырымның сұрайтыны «алдында 400 мың еді, енді лям болып кеткен бе?» деп таң болушылар мен қатар оның сыпайылығы мен талантын алға тартып, аталған соманы «өнеріне тұрарлық» деп баға бергендер бар.
Айта кетейік, Сырым Исабаев алғаш сахнада Қайрат Нұртаспен шығармашылық тандем орнатып шыққан. Кейіннен арада келіспеушіліктер орын алған соң қос әнші жеке дара кетті. Десе де Сырымды далада қалды дей алмаймыз. Ол бүгінде тасы өрге домалаған кәсіпкерлердің қатарынан табылады. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз, көшіріп басқан сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)