Әлеуметтік желіде екі күннен бері Ұлттық құрылтайда көтерілген "вице президент" бастамасына қатысты қызу талқылау мен сауалнама жүріп бастады деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде Рабатов Аманжол атты желі қолданушы "Сіз кімді ҚР Вице-Президент ретінде көресіз?"деген сауалнама жүргізіп, жұрттан пікір сұрастырды.
"ҚР Президенті Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады. Орнына Вице-президент лауазыма пайда болады деген еді. Осыған дейін бұл қызметті Ерлан Қарин атқарған болатын. Президент қасында отырған Ерлан Қаринге қарап: «I am really sorry» деді. Ал бұл суретте алты лауазымды тұлға халықтың пайымынша вице президент болуға лайықты деп саналатын тұлғалар", деп жазған автор бірнеше шенеуніктердің суреттерін қоса жариялады.
Сауалнамаға қатысты берілген жауаптар әзірге "Ерлан Қарин вице болады" деген жобада.
Ал сіз қалай ойлайсыз, вице президент кім болуы мүмкін?