Сайрамдағы сұмдық: Ұятты жеріне бөтелке тығып қорлаған

Сайрамдағы сұмдық: Ұятты жеріне бөтелке тығып қорлаған
Қоғам белсендісі Құрал Сейітхан Түркістан облысында болған сұмдық жағдай туралы баяндады деп жазады Democrat.kz.
 
"Адам осыншалық зұлым болады ма?
Сайрам ауданы, Ақсу Абад (Жданов) ауылының тұрғыны Э есімді азаматты көлігімен кетіп бара жатқан жолда 7-8 жігіт тоқтатып, ұстап алып әбден ұрған. Мұрнын және бет сүйегін сындырған.
 
Бұл оңбағандар бұнымен тоқтамаған. Азамат Э-ні аяқ-қолын байлап, өздерімен бірге алып кеткен. Белгісіз үйдің подвалына кіргізіп, киімдерін шешіп, артқы тесігіне бөтелке тығып қорлаған. Және оны видеоға түсіріп алған.
 
Егер полицияға арыз жазатын болсаң, осы видеоны ауылдың вацап тобына таратып жібереміз деп қорқытқан. Бұл оқиға осыдан бір жыл бұрын 2024-жылы болған.
 
Зардап шеккен Э адвокат жалдап, өзінің құқығын заң аясында қорғауға кіріскен. Әлгі 7-8 хайуанның тек үшеуі ғана іске тартылған. Содан топтасып адам денсаулығына қасақана зиян келтіру, адам ұрлау, хулиганство баптарымен қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жеткен.
 
Өкінішке қарай сот оларды тек хулиганство бабымен ғана жазаға тартыпты. Яғни әлдеқайда жеңіл жаза алған.
 
Мен сол судьяға: Егер дәл осындай зұлымдықты сіздің балаңызға істесе қайтер едіңіз? деп сұрақ қойғым келеді.
 
Бұл іс бойынша қайтадан қылмыстық іс қозғалып, мына хайуандар тиісті жазасын алуы тиіс деп есептейміз.
Бұл қылмысты кімдер жасады? Кімдер тапсырыс берген? Куәгерлік еткен азаматтарды қалай қорқытқан?
 
Бәрі-бәрі заң аясында анықталып, мына қылмыстық топ мүшелері түгел жазасын алуы тиіс.
Жақын күндері осы іс бойынша толық видео жариялаймыз.
 
Бұларға жеңіл жаза тағайындаған судьяның да аты-жөнін, бейнесін жариялаймыз! Бұл оқиға менің жаныма батты" деп жазды Құрал Сейітхан.
Барлық жаңалықтар