МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев марқұм анасының жаназасында сөз алып, аяулы анасының соңғы уақыттағы жағдайы туралы баяндап, жүрегі қарс айырыла күрсінді деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, әнші Сәкен Майғазиевтің анасы бірер күн бұрын дүние салып, марқұмның денесін 14 қазан күні арулап, жер қойнына тапсырған болатын.
Сәкен Майғазиев анасының жаназасында сөз алып: "Анам баршаңызға ақ тілегін жаудырып еді. Бұл оның соңғы видеосы еді. Сәл қолымыз қалт етсе, уақытымыз бола қалса, бірден ауылға баратын едік.
Сол кезде бірде бізді танып, бірде танымай, бірде тамағын ішіп, бірде тамағын ішпей жатты. Әлеуметтік желідегі қаншама достарымыз анама шипа тілеп, тілекші болды. "Анамызды неге жарияламай жатсыз, тыныштық па" деп жанұшырып сұрап жатты. Олардың уайыдағандарын көзбен көрдім", - деп көзіне жас алды.