Басқаны қайдам, осы біздің қазақтың танымы мен санасы бірте-бірте біртүрлі саяз болып бара жатыр. Баяғыда Баян Есентайдың байларын санайтын еді, ол әншейін екен, енді бүгін «Ұлы сөзде - ұят жоқ» деген, әркімнің бұтына үңілетін әдет тауып алды. Енді бір-бірімен жарысып үңіледі...
Бірнеше күннен бері ақырын күтіп жаттым: «Тым құрыса, есі ауыспаған біреу бар шығар», - деп. Міне, ақыры шықты. Шығып алып, Сәуле Түркия жазды: «...Әлеуметтік желілерлерде әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйленген тойы «жыр» болып жатыр. Құдай-ау, «Ғасыр тойы», «Сәкеннің ұлына күйеуге шығудың өзі - маһр ғой, бұл бай әулетке келін болсам, маһр сұрамас едім» - деген бейшара сөздерді оқып, көңілім құлазыды.
1. Иә, Сәкен « «Мұзарт» тобының әншісі болып, елге танылды.
2. «Мұзарт» тобы - қазақ эстрадасында өз орынын ойып алған белгілі ұжым.
3. Тікелей эфирден ұлының үйлену тойын көрсету - сұраныстан да туған болуы ықтимал.
4. Егер Сәкен «тойдың тікелей эферінен түскен ақшаны бір мұхтаж жанға аударамын» десе, бәлкім, басқалай болар ма еді, бірақ, оған әншінің өресі жеткен жоқ.
***
...Сәкенді жер-көкке сиғызбай мақтап жатқандар ұмытып қалған да шығар: 2020 жылғы пандемия кезінде Шымкентте атышулы Наурыз тойында халыққа ешқандай есеп бермей, журналистің сұрағына пысқырып қарамай, осы пысықтығымен сол даудан құтылып кеткенін мен ұмыта қойғам жоқ.
Жас жұбайларға еш пікірім жоқ, бақытты болсын! Бұл біреудің қуанышына қуана алмағаннан емес, біздің көп адамдардың сонша сауатсыз болып бара жатқанын көргенде, айтып қалғың келеді екен!»
***
Сәуле Түркия батыл азамат екен, көңілім толды, әйтеуір, мыңнан тұлпар бір адам шығып, шындықпен мауқымды басты...
Бәсе, өз басым «Сәкен пайғамбар» дегенді естіген емеспін...
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, журналист.