Сәкеннің әйелі күйеуінің басқа әйелмен байланысына қатысты нүктелі сөзді айтты

Сәкеннің әйелі күйеуінің басқа әйелмен байланысына қатысты нүктелі сөзді айтты

Сәкен Майғазиевтің әйелі күйеуінің  Мәдина Сәдуақасовамен қатынасына нүкте қойды. Әнші көптің күдігін ұялатқан әңгімеге өз аузымен жауап қатты, деп жазады Democrat.kz.

«Менің жұбайыма біреу «Сәкен мен Мәдина білдірмей жүрсін де, не сұмдық деп» телефон шалыпты. Білесіздер ғой, жаны ашығансып отқа майтқұйғыштардың болатынын.

Сөйтсе, келіншегім «Ол не дегеніңіз, біз Мәдинаның отбасымен жақсы араласамыз» депті. Бірақ әлгі кісі білдірмей жүрсін де» деп қоймапты.

Сонда келішегімнің даналығы сол: «Жүрсе, білдірмес еді ғой» деген екен. Сонымен, нүктесін қойды деп ойлаймын» – деді Майғазиев,  келіншегінің тапқырлығына сүйсініп.(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

 

Барлық жаңалықтар