"Сәкеннің тоқалы": Әнші Сәкен Майғазиев желідегі тоқалдың үстінен арыз түсірген

"Сәкеннің тоқалы": Әнші Сәкен Майғазиев желідегі тоқалдың үстінен арыз түсірген

Бірнеше күннен бері "Сәкеңнің тоқалы" деген атпен тіркелген келіншек ТикТокта тікелей эфир жүргізіп, тоқалдық өмірі туралы айтып, ақырында полициядан бір-ақ шыққанын айтты деп жазады Democrat.kz.

Ресми атын көрсетпей, тек "Сәкеңнің тоқалы" деп көрсеткен парақшадағы келіншек бірнеше күннен бері тоқалдық өмірі туралы айтып, әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп бастаған еді. 

Әйтсе де, жұртты қызықтырғаны "Сәкеңнің тоқалы" деген ату болғаны сондай, тоқал келіншектің тікелей эфирдегі видеоларын МузАрттың әншісі Сәкен Майғазиевке жіберіп, "сен туралы айтуда" деген. 

"Мені Сәкен Майғазиевтің тоқалы деп қайсысың оған видео жібергенсіңдер? Таңертең тұрсам, үйіме полиция келіп тұр. "Кеше тікелей эфирде Майғазиевтің тоқалымын депсіз" дейді. 

Мен олай деп қай жерде айттым? "Н" әрпі мен "Ң" әрпін ажырата алмайсыңдар ма? Мен "Сәкеннің" деп емес, "Сәкеңнің тоқалы" деп жаздым. 

Полицияға барсам, Майғазиев әйелі екеуі отыр екен. Өмірімде оларды бірінші рет көрдім. Сәкен Майғазиев екеуіміз де бір бірімізді танымаймыз деп шок болдық. 

Сөйлесе келе, түсінісіп, ақырында қол алысып, күлісіп, разы болып тарқастық", деген "Сәкеңнің тоқалы" көрерменіне ренішін білдірді. 

Барлық жаңалықтар