"Салафиттерден құтқарыңдар!" деген қыз көмек сұрады (ВИДЕО)

"Салафиттерден құтқарыңдар!" деген қыз көмек сұрады (ВИДЕО)

ТикТок әлеуметтік желісінде бірнеше күннен бері діндар боламын деп көрмеген қорлығы қалмағанын айтқан қазақ қызы "салафиттерден құтқарыңдаршы!" деп көмек сұрады деп жазады Democrat.kz.

Аты-жөні белгісіз бұл қызымыздың сөзіне сенсек, Абзал деген салафит жігітпен имам некесін қиған. Кейін әлгі Абзалы "талақ" етіп тастап кеткен. Тастап кеткенімен қоймай, бүгінге дейін қысым жасап, тыныштық бермей жүрген көрінеді. ТикТоктағы парақшасын ақтарып көріп, түсінгеніміз, бұл қыз көмекті құқық қорғаушылардан гөрі әлдебір шейхтары, ұстаздары, Ерсін Әміре береді деп санайтын сияқты. Бір ғана осы қыздың парақшасын сүзіп шығып, еліміздегі діни сорақы-сұмдық жайттардың қалай белең алып, қаншама ұл-қызымыздың табанға тапталып, қорланып жүргенін байқауға болады. Мәселен, өздерін салафит деп, өзгелерден биік қоятын қауым бар екен. Ол қауым мүфтиятты, Ханафи мазһабын, матуриди ұстаздарын көзге де ілмейді екен. Фото видеодан скринделді. [video width="540" height="960" mp4="/uploads/2025/06/WhatsApp-Video-2025-06-16-at-10.20.39.mp4"][/video]   https://www.tiktok.com/@dr_ranya.92/video/7515637581283986694?_t=ZM-8xFFSm5hPwU&_r=1
Барлық жаңалықтар