Салафиттердің сұмдығы: "Құтқарыңдар!" деген қыз салафиттердің сорақы тірліктерін айтты

Салафиттердің сұмдығы: "Құтқарыңдар!" деген қыз салафиттердің сорақы тірліктерін айтты

Шымкенттік Индира есімді қызөзіне салафит ағымыныңадамдары қысым жасап жүргенін және басынан қандай сұмдық жайттар өткенін баяндады деп жазады Democrat.kz.

Индира біраз уақыт бұрын терісдіни ағымдағы жігітпен көңіл жарастырып, тіпті ресми неке де қидырған. 

Алайда салафиттердің арасына түскен соң, олардың сұмдық сорақы "заң,дәстүрін" көріп, кәдімгідей қашып шыққан.

"Егер әйел және оның туыстары талақ беруді сұраса, еркектің берген бүкіл мәһрін түгел қайтаруы керек деп күйеуім Абзал қысымда ұстағысы келді. 

Бұрынғы күйеуім мен оның туыстары дуа, сиқыр дегендердің атасымен айналысады. Оқытып, шоқытып бір-бірін дуалудан алдарына жан салмайды.

Абзал өзі талақ берді. Бірақ кейін "егер басқа еркекпен отбасын құрам десең, оны бірінші маған көрсет" деп талап қойды. Сондай міндетің бар дегенге келтірді. 

Ажырасқан соң да, Абзалдан құтыла алмай жүрмін. Сарыағаштан түбегейлі Шымкентке кеттім. Әлі де ізімді аңдып,тыныштық бермейді. 

Ендігі ұсынысы - оның ең жақын досымен имам некесін қиып, жыныстық қатынасқа түсіп, сосын ол досы маған талақ беріп, Абзалмен қайта қосылуым керек екен.

"Ухтишка" деп күнде бір салафит сөз салып, имам некесін қияйық деп жолымды кес-кестеп, мазамды алып жүр. Ол аздай, Абзал басқан ізімді аңдып, тыныштық бермейді" деген Индира құзырлы орган өкілдерінен жалынып көмек сұрап отыр.  

Ресми ақпарат құралы ретінде Қазақстанның қақ ортасында болып жатқан мынадай діни сұмдықтарға қатысты біз де өз тарапымыздан ресми органдарға сауал жолдадық. 

Индираның ТикТоктағы парақшасын төменде жарияладық. Парақшасын ақтарып көрген кісінің төбе шашы тік тұрады. Себебі салафиттер туралы нағыз сорақы сұмдықтар туралы қыз ашық және дәлелмен айтып жүр.

Діні мен саясаты бөлек өмір сүретіні заңда жазылған елімізде діншілдердің кесірінен қаншама қыздарымыз сорлап жүр. Бұл сөзімізге көптеп дәлел келтіруге дайынбыз. 

Әйтсе де, құқығы мен ары бірге тапталғаны аздай,қаншама қыздарымыз ажал құшып жатқаны аз ба?

Зайырлы елде,заңға бағынған мемлекетте отырып "талақтың" кесірінен тағдырлары талқандалып жатқан әйелдерді қорғауға құқық қорғаушылар құлықсыз ба, әлде надандықтан діни құрсауда қалған қыздардың өзі кінәлі ме? Сіз қалай ойлайсыз?

 

Барлық жаңалықтар