Әлеуметтік желіде тараған үлкен жастағы апалардың биі жастардың талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Видеода біраз жасқа келіп қалған апаларымыздың бір думанды жиында селкілдеп билегенімен қоймай, тіпті бірінің "сальто жасап" отыра қалуы жұрттың қызу талқысына түсті.
Кей кісілер "Бұл жаста мына тірліктері өте ерсі", "жастарға үлгі болудың орнына..." деп қынжылыс білдірсе, ал кейбіреулер "керемет! Осындай жасымда маған да осылай көңіл көтеру бұйырсын!" Дегенге саятын пікір жазуда.