Самат блогер жеке өміріне қатысты бір мәселе бойынша парақшасында түсінік берді деп жазады Democrat.kz.
"Самат блогердің апасы садақа сұрап жүр деп видео шығарыпты. Басыма бәле болған сол видеоға коментарий беремін. Бақ өкілдері Міндетті түрде мұқият оқып шығып дұрыс ақпарат шығарсаңыздар.
Бірінші ден мен ешкімді бағуға міндетті емеспін. Бұл өмір заңдылығы. Мені бағып қаққан әке шешем емес Халық. Менің халықтың налогына өстім. Маған қажет кезінде болмаған апам кәзір маған керек деп ойлайсыздарма?
Қандай жағдайда да менің тағдырымды, сол бұрмалап жіберген блогердің ұл қыздарына бұйырсын. Аллахтан осыны тілеймін. Менің тілеген тілегімді Аллах осы уақытқа дейін қабыл қылған ары қарай қабыл қылады деп үміттенемін.
Құрметті халқым мен балалар үйінде өстім. Енді сіздерге сұрақ. Маған апа, ата, туысқандар важный ма? Әлде бала кезімде балалар үйінде тәрбиелеген Апайларымба?"деп жазды Самат блогер.