Сән қуған Сей Мо ешкім білмейтін сырын ашып қойды

Сән қуған Сей Мо ешкім білмейтін сырын ашып қойды

Сей Мо лақап атымен танылған Мөлдір Есембек стиліне қатысты сыр ақтарды, деп жазады Democrat.kz.

Бір қызығы үнемі ерекше образда жүретін өнер иесі киімді қарапайым базардан қолжетімді бағаға тұтынатынын айтты.  Барахолкадан киінетінін жасырмаған ол «Қазір мен брендті киімдерге ақша құртуды жөн көрмеймін» дей отырып,  өзіндей жастарға кеңес беріп өтті.
 

«Тренд қумай-ақ қойыңдар, оданда баспана алыңдар. Немесе коммерциялық ғимарат алыңдар», –дейді ол. 
«Ал киім  жылы болса  әрі өзіңе жарасса болды. Киім адамды емес, адам киімді сән қылады деп сенемін», – деді әнші сөз соңында, жастарды қызық үшін қымбат киім алмауға шақырып.

Барлық жаңалықтар