Бас прокуратура қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісіне қатысты қосымша ақпаратты жария етті, деп хабарлайды Democrat.kz.
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов алаяқтық жолмен қаржы жымқыру әрекеті қай кезде болғанын айтты.
«Ұлттық компанияда жұмыс істеген кезде болған», - деді Өтегенов сенатта кулуарында.
Бұған дейін Боқаев екі айға қамауға алынған болатын. Оған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сондай-ақ аса ірі мөлшерде алаяқтық жолмен қаржы жымқыру бойынша айып тағылып отыр.