Санжар Керімбай әйгілі Исматулла туралы бар шындықты жайып салды

Санжар Керімбай әйгілі Исматулла туралы бар шындықты жайып салды

Қаламгер Санжар Керімбай әйгілі Исматулла туралы ойымен бөлісті. Оның сөзінше олар қазіргі таңда араласпайды.Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп жазады Democrat.kz. сайты  Caravan.kz -ке сілтеме жасап. 

«15 жыл болды араласпаймын, өйткені соңғы рет 2010-ның шілдесінде ғана көрдім. Одан кейін 2020 жылы шешем келген кезде Құран оқуға келіп кетті, екінші рет сол кезде көрдім, одан кейін көрген жоқпын.

Менің қайтып келгенімді ол орта қалаған да жоқ,мүмкіндігінше менен алыстауға тырысты. Ол орта біздің шығарып жатқан кітаптарды мәнсіз, мағынасыз деп есептейді.

Біз керісінше осы «мәнді, мағыналы» деп есептедік. «Біз басқа бағытпен кете берейік» деді, біз де басқа бағытпен кеттік. Ол орта қазір жоқ, бәрі шашырап, тарап кетті. Соңғы 20 жылда қазір жаңасы пайда болды. 2010,11-дегі 5 жасар балалар 20-ға енді келді.

Сондықтан олар жаңа топ, жаңа буын. Олар мені танымайды, мен оларды танымаймын. Бұрын мен танитын жігттер әрқайсысы әр салада», — деді Санжар Керімбай.

Сұхбат барысында әйгілі қаламгер барлық адамдар сотталып жатқанда өзінің қалай аман қалғаны туралы да айтып берді.

 

«Аман қалғанда, ол істің қандай екенін білесіз бе? Адвокатқа барсаңыз, айтып береді. «адамды қамау үшін бірінші сенің үстіңнен арыз түсу керек» дейді. Не болмаса діни эсктремизмге шақырған сіздің үндеуіңіз болу керек. Бір жерге жазуың керек, бір жерге айтуың керек, видеоматериал сақталуы керек. Мен ешкімді радикализмге шақырған жоқпын, конституциялық құрылымды қиратайық деген жоқпын, Халифат құрайық демедім. Сондықтан саған не дейді», — деп жауап берді Санжар Керімбай.

Барлық жаңалықтар