"Санжар Керімбай одан сайын ушықтырып жіберді" деген журналист масқара жайтты айтты

"Санжар Керімбай одан сайын ушықтырып жіберді" деген журналист масқара жайтты айтты
Танымал журналист Бүркіт Нұрасыл дәл қазір ушығып тұрған дін және қоғам мәселесіне қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
"Кезінде Қайрат Сатыбалдының дәуірі жүріп тұрған кезде салафиттер біраз дүниені астаң-кестең етті ғой.
 
"Бабалар сөзін" білмедім, "Бес ғасыр жырлайды", "Он ғасыр жырлайды" жинақтары кезінде салафилердің ыңғайына қарай қайта басылды. Жыраулардың сөздері бұрмаланып, "Аруақ, "Тәңір" сөздері алынып тасталды.
 
"Құдай" сөздері "Аллах" деп өзгертіліп, масқара болған еді...
Ең сорақысы, бұл жинақтардың біразына салафиттердің хас жауы - Иассауи бабамыз енбей қалды.
Бұл туралы кезінде Бауыржан Сегізбаев арнайы мақала жазып, Абай.кз сайтына жариялаған еді. 
 
Кейін бұл былықты сопы Санжар Керімбай келіп одан сайын ушықтырып жіберді. Қазақтың ежелден келе жатқан таным-түсінігі мен ырым-тыйымдарын арабқа теліп, Мұхамед пайғамбарымыздан қалған сүннет деп тәпсірледі.
 
Санжардың тура осындай мазмұндағы "Отбасы хрестоматиясы", "Салт-дәстүрлер сөйлейді" кітаптары қолдан-қолға өтіп, сұмдық оқылды.
Анау Әлия Әшім деген қыздарыңыз - осы былықтың нәтижесі..." деп жазды Бүркіт Нұрасыл. 
Барлық жаңалықтар