"Сара Алпысқызымен биледім" деген әнші Назарбаевтың дискотекасы туралы айтып берді

"Сара Алпысқызымен биледім" деген әнші Назарбаевтың дискотекасы туралы айтып берді

Танымал әнші, композитор Айдос Сағат басынан өткен бір оқиғаны айтып, Сара Алпысқызымен байланысты естелігімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Өзінің әлеуметтік желі парақшасында композитор Сара Алпысқызымен билегенін айтып:

" 90 жылдардың ортасында мені Назарбаевпен болатын бейресми кездесуге шақырды. Ол кездесуге сол кездегі талантты деген жастар шақырылды.

Біз баратын "Кругляшка" рестораны Медеуге баратын жолдың бойында орналасқан. Назарбаев бұл кездесуге үш қызы және сол кездегі әйелі Сарамен келді. 

Ресторанға кірген сәтте ол "неге ішпей отырсыңдар? Келіңдер ішейік" деп жүз грамды тартып жіберді. Бәріміз оған ілесіп іштік. 

Кейін ойдан құрастырылған бір шоуды жасап жіберіп, оның артынан дискотека басталды. Еркін дискотеканың ортасында көлбеңдей әйелімен билеген Назарбаев  кенет сонадай жерде тұрған менің қолыма жармасып, биге тартты. 

"Енді сен биле, мен ентігіп шаршап қалдым" деген Назарбаев мен ортаға итерді. Сара Алпысқызының қарсысына шығып, лезгинкаға ұқсайтын биді билей бастадым. 

Би ортасы қыза түсті. Кенет Назарбаев "кішкентай аққулар" биін билейікші!" Деп 3-4 ағашкаларды лауазымына қарай қаз қатар тізіп, "ал, давай!" Деп бұйырды. 

Ағашкалар аяқтарына шалынысып жүріп, барын салып билеуде. Осы кезде Назарбаев қыздарына "сендер де билеңдер!" Деді. Осыны күтіп тұрғандай, қыздары да аяқкиімдерін шешіп тастап, ортаға шығып, ағашкалармен селкілдеп билеуге көшті. 

Бұл бидің ережесі бойынша жаныңдағы адаммен қолыңды айқастыра ұстап, оның аяғын басып кетпей, асқан ептілікпен секіріп билеу керек. 

Сағат түнгі 22:00, Назарбаевтың қайтатын түрі көрінбейді. Ал менің аяғымда жеңіл туфли, далада қыс мезгілі. Астымда көлік жоқ, ал ол кезде "Яндекс такси" жоқ. 

Ешкімге білдіртпей, сыртқы есікке беттегінм сол еді, күзетші тоқтатып: "Президенттен бұрын кетуге болмайды" деп гүр етті. Қысқасы, түнгі 12ге дейін сол шоудың ортасында отыруға тура келді. Кейін әрең дегенде такси тауып, сықырлаған аязда үсіп қала жаздап, тоңып, үйге зорға жеттік", деп еске алады.

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Барлық жаңалықтар