"Сары әулие" емші халыққа қатаң ескерту жасады

"Сары әулие" емші халыққа қатаң ескерту жасады

Ел ішінде "Сары әулие" атымен танылған емші Марат Исенабаев әлеуметтік желідегі парақшасында жұртқа ескерту жасап, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Сары әулие" қазіргі ел ішінде жаңсақ уағыз айтып жүрген имамдар мен дүмшелерді сынап, халыққа ескерту жасады. 

"Айналайын халқым, менің! Қазақта "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" деген сөз бар. Сол себепті, дүмше молдалардың тірлігін жасамаңдар.

Дүмше молдалардың оңашада не істегенін көрсеңдер, діннен безіп кетер едіңдер. Сондықтан Ислам дінін құрметтейік. 

Сақалдары шоқшиып жүрген, беттері табақтай, қарны қабақтай молдаларды емес, Алланың сөзіне құлақ асыңыздар", деген "Сары әулие" дінге деген көзқарастарыңызды дүмшелерің кесірінен діннен безбеуге шақырды. 

Барлық жаңалықтар