"Сасық әңгімеге ермеңіздер!" деген журналист министрді қолдауға шақырды

"Сасық әңгімеге ермеңіздер!" деген журналист министрді қолдауға шақырды
Журналист Мөлдір Нұрман Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қазіргі бастамаларын қалдайтынын және басқаларды да министрді қолдауға шақырып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
Соңғы уақытта министрдің бастамасымен білім саласында болып жатқан жаңалықтарға тоқталған журналист: "Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың бастамаларының бәрін қолдаймын, бәріміз де қолдайық!
 
БЖБ, ТЖБ, жалпы тестілеуді алып тастап шығарма және диктант жаздыру - балалардың білімін арттыруға септігін тигізеді. Шығарма жазып озық ойлы, диктант жазып сауатты болып өстік!
 
Тағы да айтам бұрын бұл саланы дұрыстап реформалай алмай, былықтырып кеткендердің салдарынан, оқушылардың сабақ оқуға, мұғалімдердің білім беруге ынтасы төмендеп, соның кесірінен білім көрсеткіштері жалпы алғанда көтерілмей келеді. Оқушыларға жалпы бірдей білім беріліп келе жатса да, оқу озаттарының аздығы осының дәлелі. Сабақ оқудың орнына, тест жаттаумен уақыт өтіп жатыр. Оқулықтарда есеп жоқ, перегруз.
 
Ал, енді тәрбие мен білімге келсек, екеуі де ақсап тұр. Сол себепті Президенттің заң мен тәртіп қағидаттарын мектептерде орнықтыруды қос қолдап қолдаймын.
 
Сонда заңнан да, адамның ала жібін аттамайтын тәртіпті ұрпақ көбейеді. Елге де, өз отбасына да қайырлы адал әрі әділ азаматтардың қатары артады. Мектепке "Заң мен тәртіп" пәні керек.
 
Қазір мектептерде мектеп формасын толық сақтамайтындар аз емес, сол сияқты оқушының әдебін де. Мектеп заңға негізлген өзінің ережесі бар мемлекеттік мекеме. Кей ата-аналар мен балалар мінез көрсететін және ішкі шаруасына араласатын жер емес.
Білім ошағы ғой!
 
Мектептерге манипуляция жасамайтын сауатты, әдепті, мәдениетті, өркениетті адамдар қазіргі дұрыс реформаларға қарсы шықпайды.Мұғалімдерді аттестациялауды алып тасталғанына қуанып жатқандап ұстаздар Президентке ризашылығын білдіріп жатыр. Себебі аттестациялау алынса да, балалардың білім сапасымен бағамдауға болады, бәрін.Десе де мектепте мұғалім үйреткенді әрі қарай жетілдіру ата-аналар мен оқушылардың өздеріне тікелей байланысты.
 
Өйткені 24 сағаттың 5 сағаты мектепте, қалған 19 сағаты үйде өтеді. Сол уақытта не істейді деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек, өте көп уақыттары телефон мен ұйқыда өтіп жатыр екен.
 
11 жыл математиканы оқып, пытырлап математиктердің шықпай жатқанын-ақ байқауға болады ғой, тегін білімнің қадірін түсіне бермейтіндерін.
 
Қайтіп, қашан озық ойлы, білімді, іскер ұлтқа айналамыз деген сұрақ мазалап, сондайға талпыну керек, ата-ана да, бала да, дау қуалап, мектеп мәселесіне араласып манипуляция жасаумен айналыспай!
 
Министрдің орнын көздеп жүргендердің сасық әңгімесіне ермеңіздер! Қазіргі министр дұрыс реформалауға кірісті. Сондықтан бір үйдің баласындай қолдайық!", деп жазды
Барлық жаңалықтар