Сәтбаев қаласында таза суды шошқалар ластауда

Сәтбаев қаласында таза суды шошқалар ластауда

Сәтбаев қаласының маңындағы Лақпай бұлағының бойында жергілікті жұрттың жағасын ұстатқан жағдай орын алды. Тұрғындардан редакциямызға ашу-ызаға толы үндеу мен бейнежазба келіп түсті, деп жазады Democrat.kz.

Олардың айтуынша, осы ағын судың бас жағында шошқа қора орналасқан. Ал дәл сол судың төменгі ағысынан ауылдың төрт түлігі су ішіп, нәпақасын айырып отыр.

Бұл жағдайдың санитарлық талаптарға еш жанаспайтынын айтып, халық әбден мазасыздануда. Лас судан уланған малдың еті мен сүті ертең бәріміздің дастарханымызға келетіні анық. Осы мәселеге байланысты жұртшылықтың көкейінде «Бұл қаншалықты қауіпсіз?» деген жалғыз сұрақ тұр. Тұрғындар құзырлы органдар мен санитарлық мамандардан шұғыл түрде тексеріс жүргізуді талап етеді. Сәтбаев билігі бұл экологиялық және санитарлық бассыздыққа қашан тиянақты жауап береді? Желі қолданушылары бұл бейнежазбаға қатысты өз наразылықтарын жаппай білдіріп жатыр.

Барлық жаңалықтар