"Сәттілік тіледі": Ақтаудағы QAZBILIM-ге депутаттар арнайы барып, жағдайымен танысып қайтты

"Сәттілік тіледі": Ақтаудағы QAZBILIM-ге депутаттар арнайы барып, жағдайымен танысып қайтты
Мәжіліс депутаттары Ақтаудағы QAZBILIM ұлттық лицейіне арнайы ат басын бұрып, білім ошағының жағдайымен танысып қайтты деп хабарлайды Democrat.kz.
 
Бұл туралы ұлттық лицейдің басшысы Аятжан Ахметжанұлы өзінің парақшасында жазды. 
 
Мәжіліс депутататтары демалысқа шығып, өңір аралап жүр екен.
Бүгін Ақтаудағы QAZBILIM ұлттық лицейінің жаңа ғимаратына мәжілістің екі мықты депутаты Еділ Жаңбыршин аға мен Асхат Аймағамбетов арнайы келіп, ұлттық мектептің жұмыс барысымен танысты.
 
Мектепке Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысы Амантай мырза өзі бастап бірге келіпті.
 
Мектептің жұмыс барысы, ұлттық мектептің концепциясы, ұстанымдары, жетістіктері туралы сөйлестік.
 
Білім саласынындағы кейбір проблемаларды да талқылап, кейбір нәтижелі кейстерімізбен де бөлістік.
 
Қазіргі таңдағы қаржыландырудаүы проблемалар төңірегінде де пікірлестік.
Балалардың қазіргі қызғушылығы мен дамуы, ұлттық мектеп болашағы, мектеп моделі, тәрбие мәселелерді қаузадық.
 
Мектепті аралап көріп, сәттілік тіледі.
Нәтижелі мектептер желісі деп көңіл бөліп жатқан барша ағаларға мың алғыс!" деп жазды Аятжан Ахметжанұлы. 
Барлық жаңалықтар