"Сатып алғансың сен!": Марқұм Нұрайдың анасының жан айқайы сай-сүйекті сырқыратты

"Сатып алғансың сен!": Марқұм Нұрайдың анасының жан айқайы сай-сүйекті сырқыратты

Шымкентте сталкинг құрбаны болған Нұрай Серікбайға қатысты сот өтіп жатқаны мәлім. Кезекті сот процесінен шыққанда марқұм Нұрайдың анасы күдіктінің сөздері мен әрекеттеріне ашуланып, жан айқайын жеткізді деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, шымкенттік Нұрай Серікбай өзінің ізінен қалмаған, қазіргі кезде сотта күдікті ретінде жауап беріп отырған Шерхан Аймаханмен кездесуден соң, өлі күйінде табылған еді. 

Осы қылмыстық оқиғаға байланысты қазіргі кезде Шымкентте даулы сот процесі жүріп жатыр.

Соттың алғашқы отырыстарында-ақ күдікті Шерхан Аймахан "аффект жағдайында болдым", "Нұрай бірінші маған пышақ сұқты" деген сияқты дүниелерді айтып бастағаны мәлім. 

Көз алдарында күдіктінің мынадай сөз айтуы марқұм Нұрайдың жақындарының жанын тілгілеп жатқаны сөзсіз. 

Кезекті сот процесінен шыққанында Нұрай Серікбайдың анасының: "Сен білдің соның қандай екенін. Сатып алдың сен, сатып алғансың сен! Хайуандар!",- деп ашына айғайлағаны жұрттың сай-сүйегін сырқыратты. 

Марқұм Нұрайдың басқа туыстарының бірі де "жеті ұрпағың жақсылық көрмесін" деп күдіктіні қарғағаны видеоға түсіп қалған. 

Әлеуметтік желіде тараған бұл видеоға пікір жазғандар күдіктінің өмір бойы түрмеде ұстау керегін айтуда. 

Барлық жаңалықтар