SciQ Нұржан ұстазды тағы масқара етіп, "жер қылды"

SciQ  Нұржан ұстазды тағы масқара етіп, "жер қылды"
Қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан адами қасиетке қатысты бір ғана жағдайды мысал етіп, алаңдаушылығын білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
"Тик-Ток" тікелей эфирінде Ысқақ 550 тыңдарманы алдында Нұржан "ұстазды" екінші рет "жер" қылды.
 
Әуелгіде "Аяз ата бар, неге жоқ?" деп картоп жарған діни уағызшы осы жолы да, "жер шар тәріздес болғанда, күннің батыстан шығып—қияметтің келгенін білу әр континент халқына әр түрлі біліне ме? Өйткені, уақытта айырмашылық бар емес пе?" деген сұрағына жауап бере алмай, оңбай жеңілді.
 
Осы Нұржан ұстаз өткен бір эфирінде "педофильдің болуы, Аллаһтың барынан хабар береді.." деп айды аспанға бір-ақ шығарған.
 
Жә, жұртты діннен бездірдік дейік, жақсы.
Ал кейбіреудің бойында туғанда жоқ ар, ұят, обалсыну қасиеттерін сырттан қалай сіңіреміз?
Исламға конкурент болуы тиіс Тәңір ілімін уағыздаушыларда да білім саяз.
 
Олардың арасында да радикалдар көбейген.
Мендегі бар көп уайымның бірі осы.
"Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмейтін" ұстаным бар, ол екіжүзділік.
Енді қайтпек керек?" деп жазды қоғам белсендісі. 
Барлық жаңалықтар