"Семіздік": Әнші Меруерт пен блогер Заиданың арасында дау туындады

"Семіздік": Әнші Меруерт пен блогер Заиданың арасында дау туындады

Әнші Меруерт Түсіпбаева мен блогер Заида Онуораның арасындағы семіздікке байланысты шыққан сөздің ақыры дауға айналып барады деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізде болса, бірер күн бұрын блогер Заида өзіне "арықтау керек" деді деп әнші Меруерт Түсіпбаеваға видео жолдау жасаған болатын.  

Арада көп уақыт өтпей, блогер үстінен полицияға арыз түскенін айтып: «Бүгін маған полициядан хабарласып, оның үстімнен арыз жазғанын айтты. Окей. Мені 9 жасымнан 16 жасыма дейін гормоналды препараттармен емдеді. Преднизолонды өте көп мөлшерде бергені және басқа да көптеген дәрілерді бергені есімде қалыпты. Соның салдарынан мен ес білгелі артық салмақпен күресіп келемін. Достар, біздің де үйімізде айна бар, біз мұны жақсы білеміз. Артық салмағы бар адамдар әрдайым өзімен күреседі. Шексіз диеталар ұстап, жаттығу да жасайды. Біреуге «арықта» немесе «сен семізсің» деп жазуға болмайды. Тіпті біз диванда жатып, тамақ жеп жатсақ да, сіздің шаруаңыз болмасын. Бұл сіз айналысатын шаруа емес», - деді.

Блогердің бұл видеосынан кейін әнші Меруерт Түсіпбаева: "Мына әйел дәл осы сөзіне жауап берсін, енді !! Мықты болса —- семіздік үшін СОТҚА шақырылған повесткасын күтеміз , желіде !!Кәнеки!! Жалықпай арнайы видео жасап отыр ғой, неге повестканы көрсетпейді екен?!

Жалған ақпарат таратқаны үшін , енді бәрі күрделінеді !! Басқа жазарым жоқ!! Қалғанын адвокаттар шешеді !! Алматы полициясы хабарласты дейді ме? кәне , қандай телефоннан ? Аты - жөні бар ма?? Казір , еш құзырлы орган ешкімге хабарласпайды , бастары екеу болса да ….Хайпты керемет жасайды екен. Қайдағы полиция?! Қайдағы сот?! Дәлелдесін сөздерін! Алып шығып , желіге салсын , сотқа повестканы !!

 Қасақана жала жауып отыр ….Екі адвокат , күні бойы комментерді сұрыптап , скриндеп отыр !  хайптың аяғы сотпен бітпесе болды!! Ана жолғы сұхбаттың ызғары ма ?Біреу мынаған тапсырма берген- ау, әйтпесе қисынсыз ғой, айтып отырғаны …. Құр сөздің не керегі бар ,дәлелдесін !Ждемс!!"деп жазды. 

 

Барлық жаңалықтар