"...сен кім едің, Жаңбыршин?!" деген журналист депутатты сөзбен "сойды"

"...сен кім едің, Жаңбыршин?!" деген журналист депутатты сөзбен "сойды"
Танымал журналист Әмірболат Құсайынұлы депутат Еділ Жаңбыршиннің "әлемде тек бір дін болуы керек" деген сөзіне қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Әлемде бір ғана дін болу керек деу үшін қаншалықты ойсыз болу керек?
 
Еділ Жаңбыршин бір сенімнен екінші сенімді, бір діннен басқа дінді, ұстанымды жоғары қойғаны үшін жүз емес, мыңдаған жыл соғыс, қырғын болып, миллиондаған адамдар қырылғанын қорыта алмай ма?
 
Тегін ақыл айтқыштар мен популистер көп қой. Деседе ақыл айтудың да, лағудың да жөні бар.
 
Қанша жерден діндар, мұсылман болсаң
да, сопы болсаң
да, мына сөз әлемдегі миллиард христианды, миллиард будда өкілдерін, жаратылысты өз ата-бабаларының ғұрып наным—сенімдерімен түсініп, ғұмыр кешкен миллиондаған адамға деген құрметсіздік.
 
Бір ғана дін, бір ғана сенім — ол ислам болу керек дейтін кім едің Жаңбыршин?
 
Өзің заң шығаратын органда отырып, конституцияда наным-сенімге, дініне қол сұқпау туралы жазылған ата заңды қайда қоясың?!
 
Мына сөз өзара татулық емес, керісінше араздық тудыратын жағдай. Депуттаттарға шетінен қуып не көрінген?" Деп жазды Әмірболат Құсайынұлы. 
Барлық жаңалықтар