"Сен кімсің сорлы-ау?!"деген Нұрлан имам уағызшылардың сүйегінен өтетін сөз айтты

"Сен кімсің сорлы-ау?!"деген Нұрлан имам уағызшылардың сүйегінен өтетін сөз айтты

Нұрлан имам әлеуметтік желідегі сторисінде Ислам дінін уағыздап, ел ішін қате уағызымен ірітіп жатқан оңбағандарға үндеу жасап, сүйектен өтер сөздер арнады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, таяуда ғана уағызшы Нұржан Смағұл атеистерді маймылға теңеп, әлеуметтік желіні шулатып, ақырында ақылсыз айтқан осы сөзіне қатысты атеистерден кешірім сұраған еді. 

Бір діннің өкілі саналатын осындай уағызшыларға ренішін білдірген Нұрлан имам: "Жұрт қазір осындай уағыздардың кесірінен діннен қорқатын болды. Атеисті маймылға теңеу, не сұмдық?! Не сөз анау? Неге сонша радикал болып, сақал қойып алып, аузына келгенін айтып отырғанын көргенде...

Мені "жұртқа жағатын уағыз айтады" деп жатқандар бар. Сен кім едің сорлы-ау!? Мен діни білім алып жүргенде, сен дүниеге де келмеп едің!

Жаңсақ уағыз айтқандар, Алланың алдына барғанда не айтасыңдар? Арабияға барып келіп, "пәлен екен" деп шығады. Бізге Арабия да, Түркия да авторитет емес! Біздің өз ұстанымымыз, жолымыз бар. 

Қазақты екіге бөліп, ит рәсуасын шығардыңдар! Сендер кетесіңдер, қазақ қалады. Сол кезде қазақтың ұрпағы елді екіге бөлген сендерді қарғайтын болады!"деп уағызшылардың қай жерде не айтатынын білмейтініне ренішін білдірді. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

 

 

Барлық жаңалықтар