Әлеуметтік желідегі парақшасында сырға толы жазба жариялаған Мөлдір Мұқанова оқырмандарының ренішін оятты деп жазады Democrat.kz.
“Сен менсіз ешкім емессің” дедің.
Сол сәтте мен үнсіз қалдым.
Бір кезде сені сүйгенмін.
Сөзіңе сенгем.
Мені қолдайды, қорғап жүреді деп ойлағам.
Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді.
Қыздар, егер біреу сізге дауыс көтерсе — бұл зорлықтың бастамасы.
Егер біреу сені итерсе, шапалақпен ұрса — бұл зорлықтың жалғасы.
Егер біреу саған “Сен менсіз ешкім емессің” десе — бұл психологиялық қысым!
Есіңде болсын:
Сенің өміріңде ешкімнің дауыс көтеруге, қол көтеруге, қадіріңді таптауға құқығы жоқ.
Сен – құндысың.
Сен – нәзік, бірақ мықтысың.
Сен – тыныш, қауіпсіз өмірге лайықсың" деп жазды Мөлдір Мұқанова.
Оқырмандары оның бұл жазбасын өздерінше жорып "Мәке, остановись", "басқа отбасылардың ажырасуына себепші болма", "осындайлар не тәрбие береді?", "Мөлдір керемет деген сайын құтырды" дегенге саятын пікірлер жазуда.