Сенат Салық кодексін Мәжіліске кері қайтарды

Сенат Салық кодексін Мәжіліске кері қайтарды

Бүгін, 23 маусым күні Парламент Сенаты Мәжіліске жаңа Салық кодексін қайтарып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенат депутаттары бірнеше жекелеген баптарды қабылдамай, редакциялау үшін Мәжіліске жіберді. Соның ішінде, сенаторлар қосымша құн салығы, акциз, прогрессивті салық және инвесторларға арналған жеңілдіктерге қатысты өзгерістер айтқан.

Дәлірек айтсақ, сенаторлар мемлекеттік қағаздардың жеңілдігін өзгеріссіз қалдырып, ел ішінде қымбат мүлік пен бұйымдарды сатқандарға салық салуды ұсынған.

Барлық жаңалықтар