Сенатор алкогольдің зиянын айтып, ішімдікке түбегейлі тыйым салу керегін айтты

Сенатор алкогольдің зиянын айтып, ішімдікке түбегейлі тыйым салу керегін айтты

Сенатор Марат Қожаев спирттік ішімдіктерге түбегейлі тыйым салу керегін айтты деп жазады Democrat.kz.

Алкогольді ішімдік ішкендердің кесірінен жол апаттарының жиілегенін, қоғамда түрлі қылмыстың көбейгенін алға тартқан сенатор арақ ішпей де жақсы өмір сүруге болатынын "арақтан түбегейлі бас тартқан ауылдарды" мысалға келтіріп айтты. 

"Өтірік айтпай-ақ қояйын, мен де кезінде іштім. Ішкен күннің ертесіне жұмысты жапырып істей алмайсың. Қайдағы өнімді жұмыс? Тіпті түске дейін өзіңе келе алмай отырасың" деді Марат Қожаев. 

 

Барлық жаңалықтар