Сенсация! "Біз ажырастық!" деген Тұрсынбектің әйелі бұл жолы бар шынын айтып, отбасылық құпиясын жариялады

Сенсация! "Біз ажырастық!" деген Тұрсынбектің әйелі бұл жолы бар шынын айтып, отбасылық құпиясын жариялады

Журналист Жанар Байсеміз сұхбат берген әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова бұл жолы ешкімге айтпаған сырларын жайып салды деп жазады Democrat.kz.

"Әу бастан бізде таза махаббат болды. Сүйіп үйлендік. Оқырмандардан сұрайтыным, Тұрсынбекті осыған дейін қалай жақсы көріп, құрметтесеңіздер, сол күйінде қалыңыздаршы. Мен де Тұрсынбекті сол күйі сүйемін, сыйлаймын. 

Отбасымызға қатысты проблеманың басталғанына он төрт жыл болды. Үмітім үзілмеді. Отбасын сақтағым келді. Алғашқы жеті жылымыз махаббатқа толы күйде өтті. 

Жатақханада алты жыл тұрдық. Кейін өз үйімізге көштік. Сол кезде басталды ғой бәрі. Еркекті тоқшылық, әйелді жоқшылық бұзады дегендей... Жоқтан бастап, бірге өстік. Тұрсынбектің әрбір қадамы көз алдымда. 

Әлеуметтік желіде соңғы уақытта "Мөлдір анандай, Мөлдір мынадай" дейтін жаман пікірлер қарша борады. Сол кезде ел алдында жүрген Тұрсекеңнің "өтініш, олай етпеңіздерші" деп бір ауыз айтқанын қатты күттім. 

Қандай болғанда да мен оның кезінде алған аманаты едім ғой. Әйел ретінде...Қысқасы, біз заңды түрде ажырасып, екі жаққа кеткенбіз. 

Бұл жағдайдың басталғанына он төрт жыл ішімде сақтап келдім. Үмітпен келдім. Бес балам жылағанша, өзім жылайын деп едім. Отбасымды сақтап қалайыншы деп, қолымнан келгеннің бәрін жасадым" деген Мөлдір көз жасына ерік берді. 

 

Барлық жаңалықтар