Қытай елінде туып өскен, қоғам белсендісі Серікжан Біләш қалың қазақ қара жамылып, Мұхтар Шахановтан айырылып отырғанда, марқұм туралы жағымсыз пікір айтып, жұрттан оңбай сөз естіді деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде қазір шетелде жүрген Серікжан Біләштің: "Мұхтар Шаханов қайтыс болыпты. Өлсе, көрінде өкірсін. Өлсе, енді бізден бұрын ана жаққа бара тұрады да.
Ол жаққа барғанда, менің үстімнен арыз жазып, соттатқаны үшін жағасына жармасамын ғой. Арыз жазғанымен қоймай, сотта куәгер де болған еді.
О дүниеге барғанда, менің хақымды бер деп, періштелер де шыңғыртады ғой.
Шығармашылығына. Ақындығына еш қарсы сөзсім жоқ. Бірақ адам ретінде табансыз, бүрсіз, арсыз. Менің жауабым осы"деді Серікжан Біләш.
Серікжан Біләштің бұл сөздеріне жұрт наразылық білдіріп, "аруақтан қорықсаңшы!", "құдайдан да қорықпайды екенсіз!"дегенге саятын пікір жазуда.