Танымал актриса Дариға Бадықова кезекті сұхбатында жан сырын ақтарып, өзінің "қараңғы жағы" мен жеткен жетістігін алғашында сезіне, түсіне алмағаны туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
Жанар Байсемізге берген сұхбатында актриса Дариға Бадықова "Таптым - ау сені" фильмінің кассасы бір миллиардтан астам ақша жинағандағы сезімімен бөлісті.
"Ешқандай сезінбедім, түсінбедім. Күніне жүздеген миллион теңге касса жинап жатыр дегенде, солай болуы керек деп ойлағам ғой" деді.
Ал "Дариға Бадықованың қараңғы, негатив жағына" қатысты: "Жұмысты бірінші орынға қоямын. Миссиям жұмыс жасау сияқты. Жұмысыма біреу кедергі келтірсе, жұмысты біреу дұрыс істемесе, ұнатпаймын. Менің жаман жағым осы шығар" деді.