Әлеуметтік желіде ішіндегі үшінші сәбиін бала керек еткен отбасыға беруге дайын екенін мәлімдеген келіншектің жазбасы қызу талқыға түсіп, жұрттың жүрегін ауыртты деп жазады Democrat.kz.
Threads желісін қолданушы келіншектің: "Сәлеметсіздерме! Аяғым ауыр бір отбасыға туып бергім келеді. Жалпы қазыргі басымнан өтіп жатқан жағдай өте ауыр болып тұр. Январьда күйеуіммен ажырастық ол басқа әйелмен тұрып жатыр енді ешқашан қосылмаймыз.
Сол үшін балаға зәру боп жүрген жандарға бергім келеді баланы. Өзімнің екі ұлым бар мектепте оқиды өзім садикте тәрбиешімін, кредит квартира бар төлейтін балаларды оқытып асырауым керек сол үшінде бұл баланы туып декретте отыра алмаймын. Отбасым аяғым ауыр екенің білмейді.
Күйеуіме айттым алдырып таста деп блокка салды. Узиға барған кезде алдыруға келмейді срок асып кеткен деді жүрек соғысы бар денсаулығы жақсы ұл балаға ұқсайды деді нақты айтпады.
1 апта ауырып жұмысқа бармай қалдым кв кредит келіп тұр ал баланы туып декретке шығып үйде отырсам асырай алмай қалады екем сол үшін беремін. ЕШҚАШАН ҚАЙТЫП АЛАМ ДЕМЕЙМІН қорықпаныздар. Мен Алматы қаласындамын",деген жазбасына жұрт жаппай пікір жазуда.
Шарасыздықтан шығар жол таппай, қиналған келіншекке көпшілік "балаңды туып ал, өз несібесі бар" десіп жатыр.
