Таяуда ғана мешіт азаншысы "түк бітірмейді" деп шағымданған шардаралық имам Марат Асановты ауыл халқы құрметтеп, шығарып салды деп жазады Democrat.kz.
"Садақа жәшігіндегі ақшаның отыз пайызын мүфтиятқа жібереді" деп үстінен мешіт азаншысы шағым түсірген Түркістан облысы, Шардарадағы мешіт имамы өз еркімен қызметінен кеткені белгілі.
Әйтсе де, имамды қимай, біраз ауыл тұрғыны бірнеше күн ҚМБДға "Марат Асанов қызметіне қайта келсін" деп үндеу жасаған еді.
Өкінішке қарай, бұл өтінішін Мүфтияттың орындамайтынын білді ме, ауыл тұрғындары бұрынғы мешіт имамын өздері ат мінгізіп, құрметтеп шығарып салды.
Тұрғындардың бұл құрметіне алғыс білдірген Марат Асанов сыйлыққа алған атымен ойқастап жүрген видеосын парақшасында жариялады.