Шариғат заңының "пайдасы": Мұсылман әйелдер арам өліп жатыр

Шариғат заңының "пайдасы": Мұсылман әйелдер арам өліп жатыр
Ауғанстандағы зілзаладан кейін көп әйел құтқарылмай жатқанын жазған сарапшы Асхат Қасенғали жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"The New York Times былай дейді: Ауғанстандағы жер сілкінісінен ең көп көз жұмғандар әйелдер мен балалар. Құтқарушылар үйінді астында қалғандарды шығаруға тырысқан. 
 
Алайда ең алдымен ер азаматтарды шығарған. Себебі «Талибан» билікке келгеннен кейін, әйел адамға бөтен еркектердің қол тигізуіне тыйым салатын заңды енгізді.
 
Салдарынан үйінді астында қалған әйелдерді не өзге әйелдер шығаруы тиіс еді немесе сол әйелдің жақын туысы, күйеуі, бауырлары шығаруы қажет болды.
 
Медициналық көмек көрсету барысында да әйелдерге тек әйелдер көмек қолын созды. Дәрігер әйелдердің аздығына байланысты, жарақат алған көптеген әйел тиісті алғашқы көмекті алған жоқ. Бұл да өлім санының артуына ықпал етті.
 
Hindustan Times басылымына пікір білдірген ерікті Тахзибулла Мухазеб былай дейді: «Әйелдер көмек сұрап, айғайлап жатқанына қарамастан еркектер өздерін құдды әйелдер жоқ сияқты ұстады.
 
 Үйінді астында қалған әйелдерді тек жақындары немесе өзге әйелдер құтқаруға тырысты», - дейді.
Обал. ХХІ ғасыр. Бірақ әлі де әлемнің көптеген елінде әйелдің құқығы тапталып жатыр"деп жазды Асхат Қасенғали. 
 
Дәл осы мәселеге қатысты қоғам белсендісі Бекболат Қаржан да: "Ауғанның надан, шошқа, қаныпезер діңкештері тірі әйелдердің көбісін үйінді астында қалдырды. Тірі әйелдің талайы үйінді астында жан тапсырды.
 
Себебі, еркектер әйелдерге дін заңы бойынша көмек беруге құқығы жоқ. Аса ауыр төтенше жағдайда да басқа әйелге жоламау керек. Өлім жағдайында да, үйінді астында зарлап қалса да көмек беруге болмайды. Дін, шариғат заңы солай.
 
Осыны көре тұра біздің надандар жағаңнан алады. Өте қауіпті жағдай. Ұлттық қауіпсіздікке тұтастай қауіп төндіреді. Кез келген уақытта ойланып, дұрыс әрекет жасауға дайын тұрыңыздар!
 
Ең сорақысы, жараланған әйелдерге азық-түлік те, дәрі-дәрмек те бермей жатыр екен. New York Times айтып жатыр. Бұл қаныпезер хайуандар әйелден тумаған ба сонда?"деп жазды. 
Барлық жаңалықтар