Әлеуметтік желіде өзі дәрігер Зере Нұрлыбекқызы атты желі қолданушы сәби күтіміне қатысты пікірін білдіріп, "баланың шаш, тырнағын алу үшін 40 күнін күтудің керегі жоғын" айтып, Шариғатты алға тартқан жазба жариялап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында Зере Нұрлыбекқызы: "Суретте менің қызым. 1-суретте : роддомда 2-суретте : 10 күн болған.
Жаңа туған сәбидің шаш, тырнағын алуға 40 күн күтудің қажеті жоқ. Онымен қоса қалың шаштың сыртынан шапка кигізіп қоясыздар .
Баланың бөлмесін ыстық қылып қоятындарыңыз да өтірік емес. Екі ортада балаға обал болады. Сол үшін көп күтпей, шашын алып қойсаңыздар болады.
Ырым да ескіреді. Талап, жесеңіздер де сол. Шариғат бойынша: сәбидің қарын шашы 7 күн толғанда алынып, сол шаштың салмағындай күміс құнымен садақа беріледі", деп жазды.
Зере Нұрлыбекқызының бұл жазбасын қолдаушылардан гөрі, қазақы дәстүрді алға тартқандар көп. Төмендегідей пікір жазып жатыр:
"Әркім өзі білер. Өз басым қазақтың әр ырым, салтына сенемін. Арнайы мед білім болмаса да анатомияны да жақсы білген"
"Қазақтың салт-дәстүрін осындай ақыл айтқыштар жояды, арабтың дәстүрін тықпалап. Баланы ыстықта қалың ұстамауына келісемін, бас киім кигізбеседе болады. Бірақ атам заманнан қалған баланы 40 нан шығару біздің құнды дәстүріміз. 40 күннен соң бала әлденеді, сол кезде аллған шаш , тырнағын.Одан ешкім жаман болған жоқ. Қазақтың әрбір ырымында терең мән жатыр"
"40 күн бала жердің баласы емес, әйел де сол. 40 күннің ішінде сәби де, шешесі де өлген жағдай болса, бір ғана сөз жазылады. Материнская смерть. Қырқынан шығаруды ескілік деп қабылдау деген… бұрынғы әжелер ақымақ болып, қазіргілер ақылды ма"
"Ырым ескірсе онда Шариғат ескереді. Неге шариғат ескірді деген логика қоспайсың? Тек ұлтыңды кемсіту сенікі"
"Шариғат деп тұрғаның арабтардың салты ма? Енді ол жақта 50 градус ыстық. Кім көрінгеннің дәтүріне еліктемеңдерші . Осындай білгіштердің қолынан телефонды заңды түрде алып алса ғой"
"Әлеуметтік желіде көп отыратын дәрігерлерге ешқашан жоламаңыздар және сенбеңіздер!"
"7 күнде алу арабтардың дәстүрі шариғат арабтардың ыңғайына жазылған"
"Халықтық ұғымда "баланың жаны 40 күнде бекиді", ет пен сүйек бірігіп, тері қатайды деп жатады, оған дейін нәресте бұ, дүниелік емес, қорғансыз, нәзік, сырт көзден сақтап арнайы күтіммен қараған"
Сіз қалай ойлайсыз? Сәбиді қырқынан шығару деген ұлтымыздың ұстанымы ескіріп, керексіз салтқа айналды ма?
Дайындаған: Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.