Танымал әнші Роза Әлқожа оқырмандарына арнап жазба жариялады деп жазды Democrat.kz.
"Біздің өмір - мехнатты болғанымен батасымен құнды. Жақсы деп іздеп, қуанышқа арнайы алдырады, ырым етеді. Әркімнің ниетіне Алла береді, бағы бізден де басым болсын деп тілек етеміз.
Бірақ, үйден гөрі әуежайда, қонақүйде, ұшақта, көлікте көп боламыз.
Шаш қурап, тері құрғап жатса да, тәуекел ете береміз. Бұл да құдайдың санаулы адамға берген бақыты шығар?!
Бұл да бір күн бітер дәурен шығар деп, “барында оралыңның ойна да күл” деп жүрген шақ.
Білеріміз - қуанған ата-әжелер, разы болған той тесі, кішкентай құлыншақтар бар. Елге болсын деген ниетіміз үшін де Жаратқан ұрпағымызға да берер, жұғысты етер деген ой.
Қуанышқа қызмет етіп жүріп, шүкіршіліктің ортасында жүріп өміріміз де шаттықпен өріліп жатқан болар?!
Аллаға шүкір! Аллаға сансыз мадақ!"деп жазды әнші.