Танымал әнші Жанар Айжанова өзінің кезекті бір сұхбатында ұлттық мәселеге қатысты пікірін білдіріп, қазақ еркектері туралы жаңсақ пікір айтатындарды аямайтынын жеткізді деп жазады Democrat.kz.
Жанар Айжанова танымал журналист Аман Тасығанмен болған сұхбатында студиядағы жас қыздың "біздің жігіттер, қазақ жігіттері маған сөз айтуға қорқады"деген сөзіне қатты ашуланды.
"Қазақтың жігіттері туралы ешқандай жаңсақ пікір айтушы болма! Қазақтың жігіттері намысшыл, жігерлі, ақылды. Мен қазақ жігіттері туралы жаман сөз айтатындарды жек көремін. Айналамда қандай мықты қазақтың жігіттері бар.
Төсіңді жалаңаштап, ел алдына шыққаныңды әлдеқандай етпе. Сен сияқты қыздардан әрине, жігіттер қорқады. Басқа қан араласқан екен деп, қазақтың барлық жігіттері туралы бос айта берме. Қазақтың еркектері туралы анау-мынау дейтіндердің шашын жұлып тастаймын!",- деген Жанар Айжанова біздің жігіттердің басқалардан кем жері жоғын айтты.