Белсенді педагог, ардагер ұстаз Өмір Шыныбекұлы Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы жекеменшік мектепке бөлінген қаржыға қатысты сұрау салды деп жазады Democrat.kz.
«2023 ж. Сайрам ауданында ашылған GREEN SCHOOL инновациялық жайлы мектебінің құрылтайшыларының бірі Түркістан Облысының Білім Басқармасы экс-басшысы Рахымбек Жолаев екен...
Мектептің өзге құрылтайшыларына сұрағым жоқ..
Ал шенеунік мектеп ашатын қаржыны қайдан алды? - деген сұрақ өзінен өзі туындайды..
Естеріңізге сала кетейін, Р.Жолаев басшы кезде Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы онлайн оқыту үшін 2,5 млрд теңгеге алынған ноутбуктер жарамсыз боп шығып, Шымкентте бір сарайда жатыр деген ақпарат шыққан..

Соның соңы не болғанын білмедік..
Соңғы жылдары жекеменшік мектептерге бөлінген қаржыға қатысты біраз іс қозғалды.
Бұл мектеп не болды екен, Сайрам Аудандық Білім Бөлімі?» - деп жазды ол өз парақшасында.